Facebook WhatsApp Instagram

Мәдениет

0

МҰХТАР НИЯЗОВ – «АЛТЫН ДОМБЫРА-2016» ИЕГЕРІ

МҰХТАР НИЯЗОВ – «АЛТЫН ДОМБЫРА-2016» ИЕГЕРІ

 

Алматыда ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Алтын домбыра» республикалық ақындар айтысы аяқталды.
Айтыс қорытындысы бойынша, Гран-при иегері Мұхтар Ниязовқа «Алтын домбыра» мүсінімен қатар, 3 млн теңге жүлде қоры мен қосымша Дүниежүзілік қысқы универсиада демеушілері атынан 2 млн теңге табыс етілетін болды. 1-орын иеленген Болатбек Оразбаевқа 2 млн теңге жүлде қорымен қатар,1 млн теңге, 2-орын алған Жансая Мусинаға негізгі жүлде қорындағы 1 млн теңгеге қосып, 500 мың теңге берілді. Ал 3-ші орын алған Серікзат Дүйсенғазин, Мейрамбек Сұлтанхан, Иранғайып Күзенбаев пен Өміржан Көпбосыновқа әр қайсысына 500 мың теңгеден берілді.
Айта кетейік, Мұхтар Ниязов 2012 жылы «Алтын домбыраның» алғашқы иегері болған еді. Келесі жылы бұл бәйгенің бас жүлдесін Жандарбек Бұлғақов иеленсе, 2014 жылы Балғынбек Имашевтің еншісіне бұйырған болатын. Ал 2015 жылы «Алтын домбыра» мүсіні павлодарлық ақын Аспанбек Шұғатаевтың еншісіне тиді.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: