Facebook WhatsApp Instagram

Мәдениет

0

ӨРТ СӨНДІРУШІЛЕР МЕН ҚҰТҚАРУШЫЛАР МУЗЕЙІ АШЫЛДЫ

ӨРТ СӨНДІРУШІЛЕР МЕН ҚҰТҚАРУШЫЛАР МУЗЕЙІ АШЫЛДЫҚызылорда облысы ТЖД-де өрт сөндірушілер мен құтқарушылар музейінің салтанатты ашылуы болды.  Бұл жөнінде департаменттің баспасөз қызметі мәлім етті.
Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің бастығы азаматтық қорғау полковнигі О.Бержанов пен департаменттің ардагерлер кеңесінің мүшесі С.Смайылов музейдің ашылғандығын білдіретін лентаны қию рәсімін жасады. Аталмыш шараға азаматтық қорғау қызметкерлері мен төтенше жағдайлар саласы ардагерлері қатысты.  
Аталмыш музей бұдан бұрын №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінде болатын. Департаменттің жаңа ғимаратына көшірілген музей бұдан әрі экспонаттармен толықтырылып, қайта жаңартыла түсті. Онда 2 негізгі зал бар. Көрме залында облыстық өрт сөндіру тарихы мен танысуға болады. Мұнда Департаменттің негізін қаланғаннан бергі басшыларының фотосуреттері де қойылған.  Бөлек стендте  төтенше жағдайлар саласының  ардагерлерінің өмірбаяны жазылған. 

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: