Facebook WhatsApp Instagram

Мәдениет

0

ҚАЗАЛЫДАҒЫ АБАЙ АУЫЛЫНДА «ЖАСЫЛ ЖЕЛЕК» АШЫЛАДЫ

ҚАЗАЛЫДАҒЫ АБАЙ АУЫЛЫНДА «ЖАСЫЛ ЖЕЛЕК» АШЫЛАДЫСарыкөл ауылдық округі, Абай ауылында 3 га аймаққа «Жасыл желек» жасау мақсатында жұмыстар жүргізілуде. Сонымен қатар, батыс беткейдегі ауыл тұрғындарына аяқ су беру мәселесі шешілуде. 
Ауыл тұрғындарына «Арал-Сарбұлақ» топтық су құбыры ауыз сумен толық қамтамасыз етіп келеді. Ауылдағы барлық 190 үй сервистік желі арқылы толық таза сумен қамтылған. 
Биылғы жылы шаруа қожалықтары жанынан жылыжай кешенін ашуға және ауыл кәсіпкерлері мен шаруа қожалықтарының басын қосып, кооператив құруға тиісті жұмыстар жүргізілуде. 
Ауылдық округке қарасты Жұбан елді-мекені мен алыс жекелеген үйлерге, жеке шаруа қожалық үйлеріне байланыс жүйелері толық орнатылған.

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: