Facebook WhatsApp Instagram

Мәдениет

0

МӘДЕНИЕТ САЛАСЫНДА АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАР САРАЛАНДЫ

МӘДЕНИЕТ САЛАСЫНДА АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАР САРАЛАНДЫОблыс әкімінің орынбасары Руслан Рүстемовтің қатысуымен облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы алқасының кеңейтілген мәжілісі өтті. 
Онда өткен жыл қорытындылары мен алдағы міндеттер сараланды. Алқа мәжілісіне қалалық, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімдерінің басшылары мен қалалық, аудандық мәдениет үйлері, кітапхана, музей және архив директорлары қатысты.
Алқа мәжілісінде басқарма басшысы Ержан Абдрахманов сала жұмысының өткен жылғы қорытындысы және 2017 жылғы міндеттері туралы баяндама жасады. Сонымен қатар, Жалағаш аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Райхан Әзбергенова, облыстық тарихи-өлкетану музейінің басшысы Бақыткүл Бекмамбет, облыстық мемлекеттік архив басшысы Нағима Қуанышева былтыр атқарған жұмыстары туралы есеп берді.
Мәжілісте өңір мәдениеті, өнері мен архив саласының дамуына қосқан үлесі үшін облыстық мемлекеттік архив басшысы Нағима Қуанышеваға Қызылорда облысының Құрмет грамотасы табыс етілді.  Бірқатар сала қызметкерлері облыс әкімі мен басқарма басшысының «Алғыс хатымен» марапатталды.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: