Facebook WhatsApp Instagram

Мәдениет

0

«БОЛАЙЫҚ БІРГЕ»: ҚУАНДЫҚ РАХЫМ МЕН АЛЬБИНА ШАРДАРОВА ТУРАЛЫ НЕ БІЛЕМІЗ?

«БОЛАЙЫҚ БІРГЕ»: ҚУАНДЫҚ РАХЫМ МЕН АЛЬБИНА ШАРДАРОВА ТУРАЛЫ НЕ БІЛЕМІЗ?

 

Қазіргі күні жұртшылық арасында кеңінен танымал «Болайық бірге» әнін орындайтын Қуандық Рахым мен Альбина Шардарова туралы не білеміз? Бұл жөнінде Seykhuninfo.kz іздеп көрді.
 
Баспасөзге берген сұхбаттарында Қуандық Рахым өзі жайында кеңінен баяндапты. Ол 1992 жылы 9 қыркүйекте Қарағанды облысы Сәтбаев қаласында өмірге келген. Өнерлі отбасының баласы. Анасы кезінде өнер саласында жемісті еңбек етіп, Жезқазған өңіріне танымал әншінің бірі болған екен. Отбасында төрт ағайынды, барлығы өнерден құралақан емес көрінеді. Қуандықты ән әлеміне анасы баулыған екен.  Қазір Құрманғазы атындағы ұлттық консерваторияның 4-курсында оқиды. Әнші халыққа «Астаналық қыз», «Уайымдама», «Бір жүрекпіз», «мен сені жақсы көрем», «Ыстық ұя», «Алаңдадым», «Ажарлым», «Қос жүрек», «Қуандықтың әні» және өзге де туындыларын ұсынды.    
       
Ал Альбина Шардарова жайында деректер көп емес. Желі беттерінде оны танитын азаматтардың айтуынша, ол Оңтүстік Қазақстан облысы Шолаққорған ауылының жанындағы Қарабұлақ елді мекенінде өмірге келген. Әкесінің есімі – Аманғали Жұмашов. Ол Жұмашовтар отбасылық ансамблінде бас гитарада ойнаған көрінеді. 1995 жылы дүниеге келген. Альбина Шардарова Қуандық Рахыммен бірге шырқаған «Болайық бірге» әнінен бөлек «Сағынасың ба» деген әнді көпшілікке ұсынды. Сондай-ақ, youtube желісінде гитарамен жанды дауыста орындайтын әндерімен елге танылды. 


Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: