Facebook WhatsApp Instagram

Мәдениет

0

РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ ЖОЛЫНДАҒЫ МІНДЕТТЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ

РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ ЖОЛЫНДАҒЫ МІНДЕТТЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ

 

Қызылорда қалалық ішкі саясат және қалалық ардагерлер кеңесінің ұйымдастыруымен «Қоғам. Ардагер. Жастар» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
Шараның басты нысаны Елбасы Н. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласындағы рухани жаңғыру шарттарын басшылыққа алынып, оларды нақты жүзеге асыру тетіктері зиялы қауым өкілдерімен талқыланды. 
Талқылауға қала әкімдігі жанындағы ақпараттық-түсіндірме топ мүшелері, дінтану пәні мұғалімдері, қаланың белсенді жастары, қалалық ардагерлер кеңесінің белсенді мүшелері қатысты. Отырысқа республикалық ақпараттық топ мүшесі, білікті теолог-ғалым, Ілімбаев Ризабек Батталұлы қатысты.
«Халқымыздың тарихи қалыптасқан бренді – ұлттық сана, ұлттық намыс, ұлттық идея» тақырыбында Қызылорда қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы, облыстық ардагерлер кеңесінің алқа мүшесі Сайлаубай Әбішев, «Ұлттық бірегейлікті сақтау – мәңгілік ел болу идеясының темірқазығы» тақырыбында Қазақстан жазушылар одағының мүшесі, жазушы Бегімбай Ұзақбаев, «Туған жерді түлету – әрбір сыр бойы жастарының болашақ алдындағы парызы» тақырыбында ''Нұр Отан'' партиясы ''Жас Отан'' Жастар қанаты Қызылорда қалалық филиалының басшысы Талғат Тілес хабарлама жасап ұлттық құндылық, ұлттық сана, патриотизм, қазіргі жастар мен ардагерлер арасындағы қарым-қатынас тұрғысындағы ой-пікірлер қозғалды. 
Республикалық ақпараттық топ мүшесі Ризабек Батталұлы өз сөзінде зайырлылық тұрғысында тоқталып, ардагерлер мен жастар арасындағы дінге деген көзқарас пен қарым-қатынас айырмашылығын, діни сауаттылық тұрғысындағы қоғамдағы пікірлерге тоқталып, жат әрекеттерді сіңірмеуде тек белгілі бір топ емес қоғам болып күресуге шақырды.
Кездесу соңы пікір алмасу, сұрақ-жауапқа ұласып, қорытындыланды.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: