Facebook WhatsApp Instagram

Мәдениет

0

ҚАЗАҚСТАННЫҢ 10 АЙМАҒЫНАН КЕЛГЕН СУРЕТШІЛЕР ҚЫЗЫЛОРДА КӨРІНІСТЕРІНЕН ШАБЫТ АЛДЫ

ҚАЗАҚСТАННЫҢ 10 АЙМАҒЫНАН КЕЛГЕН СУРЕТШІЛЕР ҚЫЗЫЛОРДА КӨРІНІСТЕРІНЕН ШАБЫТ АЛДЫ

 

Сыр өңірінде бір апта бойы қаланың 200 жылдығына арналған «Жайнай бер, Қызылорда» атты республикалық суретшілер симпозиумы өтті.
Қазақстанный 10 аймағынан келген қылқалам шеберлері облыстың тарихи орындарын аралап, көркем жерлерді туындыларына арқау етті. 
3 мамыр күні облыс әкімі Қырымбек Көшербаев симпозиумға қатысушылардың көрмесін тамашалап, оларға аймақ тарихына қызығушылық танытқандары үшін алғысын білдірді. 
-Сырдың қасиетті де қастерлі топырағы көркемөнер саласында атағы көпке жайылған таланттарды дүниеге әкелді. Қазақтың тұңғыш ұлттық драма театрының сахна көркемдеушісі болған халық шебері Ләтипа Хожықовадан бастап, ағайынды Қожахмет және Құлахмет Хожықовтар, Сахи Романов пен Салихитдин Айтбаевтар қазақ бейнелеу өнерінің дамуына үлес қосып, қайталанбас өнер өрнегімен айрықша із қалдырды. Елбасы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы арқылы «Туған жер» бағдарламасын қолға алуды ұсынды. Туған жерге, оның мәдениеті мен салт-дәстүрлеріне айрықша іңкәрлікпен атсалысу – шынайы патриотизмнің көрінісі. Осы орайда, Қызылорда қаласының 200 жылдық мерейтойына қалдырған қолтаңбаларыңыз үшін Сіздерге алғысымды білдіремін,- деді облыс әкімі. 
Сонымен қатар симпозиумда Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ҚР Суретшілер Одағының мүшесі Өсербай Шоранов сөз сөйледі. Содан соң келушілер симпозиум қатысушыларының көрмесін аралады. Алдағы уақытта бұл туындылар Қызылорда көркемсурет галереясындағы экспонаттар қатарын толықтырмақ.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: