Facebook WhatsApp Instagram

Мәдениет

0

ОБЛЫСТЫҚ ТЕАТР АҚТӨБЕГЕ ГАСТРОЛЬДІК САПАРМЕН АТТАНДЫ

 

Қызылорда облыстық Нартай Бекежанов атындағы қазақ музыкалық драма театрының ұжымы үстіміздегі жылдың 16-19 мамыры аралығында Ақтөбе облысында гастрольдік сапар өткізеді. 
Гастрольдік сапардың мақсаты - Сыр театры өнерін Ақтөбе жұртшылығына ұсыну. Жыл сайынғы театрдың дәстүріне сәйкес биылғы жылы Ақтөбе сапарын ұйымдастырып отыр. Сонымен қатар, өнер шаңырағының қазақ театр өнеріндегі жаңа бағыттарымен бөлісу, өскелең ұрпақты патриотизм рухында тәрбиелеуге атсалысу. 
Гастрольдік сапар аясында Ерсайын Төлеубайдың «Абай» трагедиясы, Жабал Ерғалиевтың «Құлпытастың көз жасы» психологиялық драмасы», Сәкен Жүнісовтың «Қысылғаннан қыз болдық» музыкалық комедиясы, Әлімбек Оразбековтың «Бір түп алма ағашы» драмасы және балаларға арналған Сая Қасымбектің «Қиял қуған Зукөжек» қойылымдарын ұсынады. Шығармашылық ұжыммен театрдың көркемдік жетекшісі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Әмір-Темір Хұсейн, театрдың бас суретшісі, Қазақстанның еңбек сіңірген қызметкері Серік Пірмахан, Қазақстанның еңбек сіңірген артисі Бақытбек Алпысбай секілді өнер майталмандары барады. Сонымен қатар, театрдың Жастар труппасы өнер көрсетеді. 
Гастрольдік сапардың ашылу салтанаты 16 мамыр күні сағат 19.00-де Ақтөбе облыстық Тахауи Ахтанов атындағы қазақ драма театрының сахнасында өтеді.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: