» » ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ ӨЛКЕТАНУ МУЗЕЙІНІҢ АСТАНАДАҒЫ КӨРМЕСІ

ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ ӨЛКЕТАНУ МУЗЕЙІНІҢ АСТАНАДАҒЫ КӨРМЕСІ

Айдар: Мәдениет, Сонғы жаңалықтар

ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ ӨЛКЕТАНУ МУЗЕЙІНІҢ АСТАНАДАҒЫ КӨРМЕСІ

 

Астана қаласында өтіп жатқан ЭКСПО-2017 шарасына орай Сыр өңірінің бас қаладағы күндеріне орай Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейі арнайы көрме өткізді. 
Көрмеге Қызылорда облысынан арнайы әкелінген тарихи ерекше экспонаттар қойылды. Бұл көрме қазақ халқының тұрмыс-тіршілігіндегі Сыр елінің әдет-ғұрпы мен салт-санасын айрықша ашып көрсетпек. Сыр елі нақышында жасалған зергерлік бұйымдар мен ағаш бұйымдар, Сыр сұлулары киген киім үлгісі, ХІХ ғасырдан бізге жеткен ағаштан ойылып жасалған кесеқап, тіпті жоңғардың дулығасы және т.б. назарларыңызға ұсынылмақ. Сан ғасырлардың куәсі болған жәдігерлер жүректі тебірентпей, ойды қозғамай қоймайтыны анық.
Ежелгі Сыр өңірі – көне дәуір көзі, мәңгі өшпес те өлмес мұралардың қазыналы мекені. Этноауылда сонымен қатар облыс шеберлерінің 10-20 тамыз аралығында көрме-жәрмеңкесі өтуде. Облысымызға белгілі 25 шебер қатысуда. Қолөнер шеберлері металдан, теріден, сүйектен, ағаштан жасалған бұйымдармен тоқыма, тігін, киіз бұйымдарын дайындап әкелген. Көрме барысында шебер Б.Жакипов - зергерлік әшекей бұйымдардың, ағаш шеберлері Ж.Махамбетов, П.Садықов, М.Жәрімбетов, суйектен С.Бурабаев, М.Шайхы-Ислам, Қ.Бектұрсынов ынды жас шеберлер мен Д.Тойшыбаев - қыш өнерінің қыр-сырын, М.Қалжанқызы киіз үйдің бау-шуларын, Ж.Бөлегенова - киіз басу, ши тоқу шебері - З.Календр, А.Ыбайділдаева мен С.Шайсламова тоқыма өнерлерінен шеберлік кластарын көрсетуде. Барлық қатысушы шеберлер өз ісінің шебері екендігін Этноауылға келген қонақтарға шеберлік сағаттары барысында көрсетіп, шеберлер бір-бірімен тәжірибе алмасуда.