Facebook WhatsApp Instagram

Мәдениет

0

ЕСЕП БЕРУ КОНЦЕРТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ БОЛЫП ӨТТІ


2018 жылдың 27 сәуірі күні сағат 11.00-де А.Тоқмағамбетов атындағы мәдениет Үйінде орындаушылық шеберлігімен, табиғат берген талантымен түрлі байқаулардың жеңімпаздары атанып жүрген мәдениет Үйі жанынан құрылған «Арайлы» би тобы мен «Сыр сандуғаштары» ән үйірмесінің «Өнерге қанат қаққандар» атты есеп беру концерттік бағдарламасы болып өтті.
Қаламыздың мәдениетіне кішкентай да болса үлес қосып жүрген жас өнарпаздарға «Қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» МҚК басшысы Қазбекова Мира Жомартқызы құттықтау сөз сөйлеп, балаларға өнер жолында сәттіліктер тіледі. Сыр толқынымен ән мен жырдың бесігін әлдилеген жас өнерпаздар қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің алғыс хатымен марапатталып, аталмыш шарада әуелете ән салып, мың бұрала би билеп халық ықыласына бөленді.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: