Facebook WhatsApp Instagram

Мәдениет

0

ӘСКЕРИ ПАТРИОТТЫҚ САЙЫС ӨТКІЗІЛДІ


7 мамыр - Отан қорғаушылар күні мерекесіне орай қалалық жастар ресурстық орталығы мен №5547 әскери бөлімінің ұйымдастыруымен әскери бөлімнің базасында жалпы білім беретін мектептердегі жоғары сынып оқушыларының қатысуымен "Отан қорғау баршаның борышы!" тақырыбында әскери патриоттық сайыс өткізілді.Сайысқа Қызылорда қаласындағы 12 мектептің жоғары сынып оқушылары өтінім білдіріп, қатысты.
Сайыстың басты мақсаты әскери қызмет туралы қала жастары арасында оңтайлы көзқарас қалыптастыру, жастарды Отанға қызмет етуге әркез дайын болуға шақыру және отансүйгіштікті қалыптастыру. Сонымен қатар, байқауға қатысушы жастардың өзін-өзі танытуына жағдай жасау, қабілетін дамыту және армия қызметінің мәртебесін арттыру болып табылады.
Сайыс келесідей кезеңдер бойынша өтті:
• Әскери саптық шеру (ән айту);
• Автоматты шашып, жинау;
• Кедергілер арасынан өту;
• Граната лақтыру;
• Турникке тартылу.
Сайыстың қорытындысы бойынша:
Әскери саптық шеру (ән айту) кезеңі бойынша 1 орын - №257 мектеп, 2 орын - №222 мектеп, 3 орын - №15 мектептердің оқушылары иеленді.
Автоматты шашып, жинау кезеңі бойынша 1 орын - №43 мектеп, 2 орын - №211 мектеп, 3 орын - №4 мектеп оқушылары иеленді.
Кедергілер арасынан өту кезеңі бойынша 1 орын - №211 мектеп, 2 орын - №9 мектеп, 3 орын - №143 мектеп оқушылары иеленді.
Граната лақтыру кезеңі бойынша 1 орын - №257 мектеп, 2 орын - №222 мектеп, 3 орын - № 43 мектеп оқушылары иеленді.
Турникке тартылу кезеңі бойынша 1 орын - №7 мектеп, 2 орын - №6 мектеп, 3 орын - №143 мектеп оқушылары иеленді.
Жалпы топтық есеп бойынша бас жүлдені №257 мектеп оқушылары иеленді.
Қатысушы жастар арнайы ұйымдастырушылар тарапынан алғыс хат, дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: