Facebook WhatsApp Instagram

Мәдениет

0

ӨНЕР АРБАТЫ – ӨРІСТІ ЖОБА


Бүгін, 1 мамыр - Қазақстан халықтарының бірлігі мерекесі күні Қызылорда қаласында жергілікті қолөнершілер, суретшілер мен шеберлердің өз туындыларын насихаттауына мүмкіндік туғызатын Өнер арбаты ашылды.
Өнер арбаты жобасы облыс әкімдігінің қолдауымен облыстық мәдениет және архивтер және құжаттама басқармасының ұйымдастыруымен қолға алынып отыр. Игілікті іс Қызылорда қаласының 200 жылдығына орайластырылып отыр. Ашық аспан астындағы мәдени орын халықтың жергілікті шеберлері әзірлеген түрлі дүниелерімен етене танысуына жол ашатын болады. Өнер арбаты жыл бойына халыққа қызмет көрсетеді. «Өнер арбаты кәсіби және әуесқой суретшілер, қолөнер шеберлері шығармашылықпен айналысуына қолайлы жағдай жасайды. Туындыларын жарнамалауға мүмкіндік береді. Айта кетерлігі, бұл орын халықтың рухани демалатын қоғамдық-мәдени мекеніне айналады деген сенім зор. Оған қоса өнер адамдары шеберлік дәрісін өткізе алады. Сонымен қатар, қала қонақтарын Сыр өңірінің өнері мен мәдениетімен таныстыратын арнайы орын болады. Қысқасы, бұл жер суретшілер, қолөнершілер және шеберлердің шабыт алатын орнына айналады», дейді облыстық мәдениет, мұрағат және құжаттама басқармасының басшысы Мира Әбуова.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: