Facebook WhatsApp Instagram

Мәдениет

0

ПАТРИОТТЫҚ ЖЫР КЕШІ ӨТТІ

Бүгін қалалық мəдениет жəне тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен "Тағзым" алаңында қаламыздың жас ақындар мен мəнерлеп оқу шеберлерінің қатысуымен Бас қаламыздың 20 жылдық жəне шырайлы шаһарымыздың 200 жылдық мерейтойына арналған патриоттық жыр кеші өтті.
А.Тоқмағамбетов атындағы қалалық мəдениет үйінің "Қауырсын" жас ақындар үйірмесінің мүшелері өз шығармашылығынан туған жеріне, еліне арнаған "Ақмешіт ару қалам", "Астанам", "Сырдың сұлу қаласы", "Ұлт тарихындағы ұлы белес", "Алаш алыптары" т.б атты өлеңдерін оқыды.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: