Facebook WhatsApp Instagram

Мәдениет

0

ӨНЕРГЕ БАУЛЫҒАН ҚОЛ ӨНЕР КӨРМЕСІ


Бүгін Қызылорда қалалық ішкі саясат бөлімінің әлеуметтік тапсырысы негізінде «Ару-Ана» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен Тасбөгет кенті С. Майқанова атындағы мәдениет үйінде «Мүгедек балаларға қол өнер үйрету жұмыстарын ұйымдастыру» әлеуметтік жобасы аясында қол өнер көрмесі өтті.
Көрмеге мүмкіндігі шектеулі балалардың 1 айдың көлемінде өз қолдарымен жасаған дүниелері қойылып, жұмыстары бағаланды және алғыс хаттармен, сыйлықтармен марапатталды.
Көрме соңы балалардың әні мен биін тамашалаумен жалғасты.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: