Facebook WhatsApp Instagram

Мәдениет

0

ЖАС ӨРЕНДЕР КӨРМЕНІ ТАМАШАЛАДЫ


Қызылорда қаласында өткізілген мектеп оқушыларының сыбайлас жемқорлыққа қарсы суреттерінің көрмесін тамашалауға қаланың ең кішкентай тұрғындары келді.
Көрмеде орта мектептердің 5-9 сынып оқушыларының 50-ден астам жемқорлыққа қарсы үздік суреттері қойылды. Көрмені мектеп оқушылары мен балабақша бүлдіршендері тамашалап, сыбайлас жемқорлықтың зияндылықтары түсіндірілді.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен"1 маусым - Халықаралық балаларды қорғау күніне" орай өткізілген суреттер көрмесі сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың қалыптасуының 20 жылдығына арналып отыр.
Көрмені ұйымдастырудың басты мақсаты - өскелең ұрпақтың бойында сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілікті және оған қарсы мәдениетті қалыптастыру.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: