Facebook WhatsApp Instagram

Мәдениет

0

ЖАЛАҒАШ АУДАНЫНДА ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫНЫҢ МӘДЕНИ КҮНДЕРІ ӨТКІЗІЛДІ


Қызылорда қаласының 200 жылдық мерейтойына орай Қызылорда қаласының мәдени күндері аясында Жалағаш ауданында «Жыр әннің елі, Тұранның төрі – Қызылорда» атты қала өнерпаздарының мерекелік концерті өтті.
Аудандық мәдениет үйінде өткен ауқымды шараға аудан әкімі Қайратбек Сәрсенбаев, облыстық мәслихат хатшысы, Қызылорда қаласының 200 жылдық мерейтойын ұйымдастыру және өткізу жөніндегі жұмыс тобының төрағасы Наурызбай Байқадамов, Қызылорда қаласының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев, қалалық мәслихат хатшысы Роза Боханова, қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сайлаубай Әбішұлы, аудан тұрғындары, БАҚ өкілдері қатысты.
Салтанатты шарада қала әкімі Нұрлыбек Машбекұлы сөз алып, аудан тұрғындарын Елордамыз Астананың 20 жылдық, Қызылорда қаласының 200 жылдық мерейтойларымен құттықтады.
- Қызылорда қаласы 200 жылдық мерейтойға үлкен жетістіктермен жетті. Соның бірі, 200 жылдық мерейтойдың ең басты тартуы - Сырдарияның сол жағалауындағы бой көтерген жаңа қала. Бұл той – өткеннен өнеге алу, бабалардан қалған бай мұраны ұлықтап, асыл құндылықтарымызды ертеңгі ұрпаққа аманаттау, ұлттық қасиетіміз бен салт-дәстүрімізді дәріптеу деп түсінуіміз қажет, - деді қала басшысы өз сөзінде.
Сондай-ақ, қала басшысы:
- Еңкейіп еңбек етуден жалықпайтын жалағаштықтар қашан да ел ризығын молайту жолында аянып қалған емес. Мұның барлығы аудан халқының ынтымағы мен бірлігінің арқасы. Осы қадір-қасиеттің, бауырмал пейілдің арқасында Жалағаш жұртының жанашыр, тілектес ниетін әрқашан сезініп келеміз. Қазіргі таңда Қызылорда қаласы мен Жалағаш ауданы арасындағы іскерлік, рухани байланыс күн санап артып келеді, - дей келе, барша жалағаштықтарға Қызылорда қаласының ыстық ықыласын, алғысын жеткізді.
Аудандық мәдениет үйінде өткен аудан тұрғындарына арналған мерекелік концертте Қызылорда қаласының әкімі Нұрлыбек Машбекұлы қаланың 200 жылдық мерейтойына Жалағаш ауданының жасаған тартуына ризашылығын білдіріп, аудан әкімі Қайратбек Әубәкірұлына, және де бірқатар азаматтарға «Қызылорданың 200 жылдығына арналған» мерейтойлық медальді табыстады.
Салтанатты шарада қала өнерпаздары аудан халқына мерекелік концерт ұсынып, жалағаштықтардың ыстық ықыласына бөленді.
Айта кету керек, Қызылорда қаласының 200 жылдық мерейтойы аясында Жалағаш ауданы қала халқына «Жалағаш жырдың мекені» атты аудан өнерпаздарының концерттік бағдарламасын және аудан тарихынан сыр шертетін көрме ұсынған болатын.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: