» » ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ ӨНЕРПАЗДАР ШИЕЛІНІҢ ТӨРІНДЕ

ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ ӨНЕРПАЗДАР ШИЕЛІНІҢ ТӨРІНДЕ

Айдар: Мәдениет / Сонғы жаңалықтар

Бүгін аудандық мәдениет үйінде Қызылорда қаласының 200 жылдық мерейтойы аясында Қызылорда қаласы күндеріне арналған «Жыр әннің елі, Тұранның төрі – Қызылорда!» атты қызылордалық өнерпаздардың қатысуымен салтанатты концерт ұйымдастырылды.
Сонымен қатар, Қызылорда қаласының әкімі Нәлібаев Нұрлыбек бастаған делегация құрамы Шиелі ауданындағы өндіріс орындары «Мөлдір и К» ЖШС құс өсіру фермасы, «Ару ана» шұбат цехының жұмыстарын көрді. Сонымен қатар, «Компания Гежуба Шиелі Цемент» ЖШС-нің цемент зауыты құрылысымен танысты.
Қызылорда қаласының өнерпаздарының қатысуымен өткен мерекелік шарада Шахар басшысы Нәлібаев Нұрлыбек Шиелі ауданының зиялы қауым өкілдеріне және ауданның дамуына өз үлесін қосқан ардагерлер мен мекеме басшыларын Қызылорда қаласының 200 жылдық төсбелгісімен марапаттады.
Сондай-ақ, аудан басшысы Әшім Оразбекұлы киелі Шиелі төріне келіп қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев бастаған делегация құрамына және өрелі өнерпаздарға алғысын білдірді.
Күмбірлеген қобыз, домбыраның қоңыр үні, жыршы, әнші, мың бұралған бишілердің өнерлері Шиелі ауданының тұрғындарына рухани кеш сыйлады.