Facebook WhatsApp Instagram

Мәдениет

0

ӘДЕБИ ТАНЫМДЫҚ КЕШ ӨТТІ


Қызылорда қалалық білім бөліміне қарасты Сақтапберген Әлжіков атындағы № 144 орта мектебінде «Жаңғырудың жарқын жолы – жастардың қолында» атты әдеби танымдық кеш өтті.
Шараға екі дүркін алтын домбыра иегері Мұхтар Ниязов, қалалық ақындар мектепбінің жетекшісі Мамыр Байдәулет, айтыскер ақын Республикалық айтыстын жүлдегері Әбді Ержеңіс, КТА ойындарының үздік актері Дүкенбаев Асылхан қонақ болды. Шараның басты мақсаты-оқушыларды жерлес ақындардың шығармашылығымен таныстырып, кіші буын жастарға патриоттық рух беріп, адамгершілік қасиеттерге баулу. Ақын өлеңдері арқылы халқына, тілге, Отанға деген сүйіспеншілік сезімдерін ояту.
Жас буынды ұлттық мәдени құндылықтар рухы мен ұлтжандылыққа тәрбиелеу. Кездесу барысында келген қонақтар оқушыларға арнайы өнерлерін көрсетті. Сондай-ақ, қатысушылар мен қонақтар арасында сұхбат ұйымдастырылды.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: