Facebook WhatsApp Instagram

Мәдениет

0

«ПОЭЗИЯҒА ҚҰШТАРМЫН» АТТЫ ЖАС АҚЫНДАР АРЕНАСЫ ӨТКІЗІЛДІ


28 қыркүйек күні Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында Қызылорда қаласының 200 жылдығына арналған «Жауқазын – ғұмыр» клубының ұйымдастыруымен «Поэзияға құштармын» атты жас ақындар аренасы өткізілді.
Шара мақсаты: Қызылорда қаласындағы жас ақын-жазушылардың шығармашылық деңгейін көтеруге, рухани-әдеби ортаның қалыптасуына, жас дарындардың жаңа көзқарастарын дамытуға жағдай жасау.
Кітапхана мен оқырманды, оқырман мен автордың арасын жақындастыру. Жас ақындарды еліміздің белгілі тұлғаларымен еркін пікір алысуына мүмкіндік туғызу, оқырмандармен шығармашылық кештер, кездесулер ұйымдастыру.
«Поэзияға құштармын» атты ақындар аренасында жас буын оқырмандар өз туындыларын және сүйікті ақындарының өлеңдерін мәнерлеп оқыды.
Сонымен қоса жаңадан келген оқырмандар арасынан іріктеліп «Жауқазын ғұмыр» клубына жас ақын -жазушылар қосылды.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: