Facebook WhatsApp Instagram

Мәдениет

0

ҚАЗАҚТЫҢ МӘРТ МІНЕЗ МАЙТАЛМАНЫ 


Қызылорда қаласындағы Асқар Тоқмағамбетов атындағы қалалық мәдениет үйінде Қармақшы ауданы әкімдігінің қолдауымен Қармақшы аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі ұйымдастыруымен Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында Қызылорда қаласының 200 жылдығы, Қармақшы ауданының 90 жылдығы қарсаңында ақын, журналист, қоғам қайраткері Мырқы Исаевтың туғанына 90 жыл толуына орай «Қазақтың мәрт мінез майталманы-Мырқы Исаев...» тақырыбында облыстық жазба ақындар мүшәйрасы өткізілді.
Мүшәйраға 12 қатысушы талапкерлер ұсыныс берді. Арнайы құрылған қазылар алқасының шешімімен Қазалылық Ақжол Түменбай Бас жүлдені жеңіп алды. І-орынды қызылордалық Ұлықбек Тәңірберген, ІІ-орынды Сырдария ауданынан қатысқан Ақтөре Ибрагимұлы иемденді. Ал, ІІІ-орынды Шиелі ауданынан келген Құдайберген Шыңғыс алды. Сонымен қатар «Омар Шораяқұлы атындағы» арнайы жүлдемен Арал ауданынан келген Алтынбек Қыстаубаев, «Тұрмағамбет Ізтілеуұлы атындағы» арнайы жүлдемен Қызылорда қаласынан қатысқан ақын Ғабит Кәдірбай марапатталды. Оған қоса Т.Жүргенов атындағы қоғамдық қорының арнайы жүлдесін қармақшылық Еркебұлан Серіков және қызылордалық Биболат Сәтжан иеленді. Қалған барлық талапкерлер арнайы дипломдармен марапатталды.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: