Facebook WhatsApp Instagram

Мәдениет

0

СУРЕТШІ КЕНЕНБАЕВТЫҢ КӨРМЕСІ ӨТТІ


Белгілі қылқалам шебері Аманкелді Кененбаев «Сырдария» атты шығармашылық көрмесі мен кітабының тұсаукесері рәсімін өткізді. Қызылорда қаласының 200 жылдық мерейтойы аясында өткен көрмеде жаңа туындыларды көпке ұсынды.
Сыр өңіріне арналған бірқатар картиналардың және Мұстафа Шоқай, Әбділдә Тәжібаев, Жанқожа батыр ескерткіштерін салған Аманкелді Кененбаевтың көрмесіне облыс әкімі Қырымбек Көшербаев келіп, суретшіні жеке шығармашылық кешімен құттықтады.
- Аманкелді Кененбаев - Сыр бойы бейнелеу өнерін биікке көтеріп келе жатқан ерекше есім. Суретшінің 2015 жылы АҚШ пен Жапонияда өткізілген көрмесі талғампаз қонақтардың назарын аударғанын білеміз. Францияның Ножан-Сюр-Марн қаласында тұрған Алаш арысы Мұстафа Шоқайдың мүсіні де Аманкелдінің қолынан шыққан. Өзіміз күн сайын көріп жүрген Жанқожа батырдың еңселі ескерткіші мен ақын Әбділдә Тәжібаевтың тас мүсінінің авторы да осы суретші. Бұған дейін жыл басында еліміздің рухани астанасы - Алматының төрінде «Сұлутөбе» атты жеке көрмесі ашылса, бүгін суретшінің «Сырдария» атты көрмесі назарларыңызға ұсынылып отыр,-деді облыс әкімі.
Қылқалам шеберін Алматыдан келген өнертанушы Ирина Юферова да құттықтап, тілектестік білдірді.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: