Facebook WhatsApp Instagram

Мәдениет

0

МӘДЕНИЕТ САЛАСЫ МАМАНДАРЫ МЕРЕКЕЛІК МЕДАЛЬҒА ИЕ БОЛДЫ


Қызылорда қаласының 200 жылдығына арналған мерекелік медальмен марапаттау жарасымды жалғасын тауып келеді. Осы аптада бірқатар сала мамандары сондай құрметке ие болды.
Қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев мәдениет саласының майталмандарына осындай жөн-жоралғы жасады. Салтанатты шараға облыс әкімінің орынбасары Руслан Рүстемов қатысты. Шара барысында мәдениет, өнер саласының ардагерлері, білікті мамандары мен өнерпаздары мерейтойлық медальге ие болды.
– «Сыр елі – жыр елі» деп аталып кеткен өңір қашанда өнер алаңында ерекшеленіп тұрады. Музыканың көне дәуірден бүгінге дейінгі барлық иірімдері біздің өңірде жақсы сақталған және ол өз заманына сай жаңғырып келеді. Ол жас ұрпақтың зерделі санасына сіңе бастады. Өнер адамдарының мәдениеттегі осындай зор еңбектері ешқашан ескерусіз қалмайды, – деді қала әкімі.
Мерекелік медаль 70-ке жуық сала мамандарына берілді. Салтанатты шарада Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Бақытбек Алпысбаев алғыс білдірді.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: