» » ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ АТАНДЫ

ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ АТАНДЫ

Айдар: Мәдениет / Сонғы жаңалықтар

Қалалық мәслихаттың мәжіліс залында қалалық мәслихаттың кезекті сессиясында қаланың құрметті азаматы атағын алуға лайықты бірқатар қоғам белсенділерінің тізімі таныстырылды өтті.
Кезекті сессияға қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев қатысты.
Аталған азаматтардың облыс орталығының экономикалық және рухани-мәдени бағытында жан-жақты дамуына үлес қосқаны ескерілген. Олардың қатарында Алмас Алматов, Сайлаубай Әбішов, Кеулімжай Ботабаев, Мұса Әбдіхалықов, Өтеген Жаппарханов, Александр Зайчиков, Оңталап Нұрмаханов пен қазақ эстрадасының әншілері – Жеңіс Сейдуллаұлы, Мәдина Сәдуақасова ісынды есімі елге белгілі тұлғалар бар.
Аталған азаматтарға қаланың "Құрметті азаматы" атағы берілу жөнінде шешім қабылданды.