Facebook WhatsApp Instagram

Мәдениет

0

Мұқасан Шахзадаев: Жұбайының өзі Нұрланды мен сияқты білмейді


Мұқасан Шахзадаев сахналас серігі Нұрланды өзгеден ерекше білетінін және қазіргі уақытта оның өзгеріп кеткенін айтты. Топтың тарап кетуінің себебі сол өзгеріс екенін атап өтті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Уақыт көрсетеді" бағдарламасына сілтеме жасап.
Бұған дейін Нұрлан Қонысбаевқа ренжулі екенін хабарлаған әнші өнердегі досын жақсы білетінін айтты.
"Мен Нұрланды жатқа білемін. Оның жолдасынан артық білемін десем болады. Біз 26-27 жылға жуық уақыт бір-бірімізді білеміз. Студенттік кезден бері, жатақханада тұрып жүргеннен бастап дос едік. Нұрлан о баста бұндай болған жоқ. Ол өзгерді. Екеуіміздің бөлек кетуіміздің себебі - бұрынғы Нұрланымды таппай қалдым", - деген әнші жауабына жүргізуші бар мәселенің Нұрланның әйелінде ме деп сұрады.
"Нақты олай деп айта алмаймын. Әйел адамдар табиғатынан бір дүниені басқа жағына бұрып алып жатады. Анаған ұқсамадың, мынау сондай деп әңгіме айтатын де кездер болады", - деді Мұқасан.
Әншінің айтуынша жұбайы ғана емес, Нұрланның достары да тасада тұрдың деп жаман ой тастаған. Мүмкін сондықтан да өзгеріп кеткен. Топ ыдырап жаста да, топ репертуарындағы әндер ортақ екенін, топтың ыдырауына топ мүшесі ретінде екеуі де емес, араға түскен арамза ойлар кінәлі деді Мұқасан. Бірақ қазіргі таңда бұрынғыдай араласпайтындығын да атап өтті.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: