Facebook WhatsApp Instagram

Мәдениет

0

Димашқа "ессіз" жанкүйер болған ару оны күштеп сүйіп алды (видео)


Instagram леуметтік желісіндегі парақшалардың бірінде Димаш Құдайбергеннің Нью-Йорктегі концертінде жанкүйер арудың әншіні күштеп сүйіп алған видеосы тарап кетті. Бойдақ әншінің жанкүйерлері аталмыш видеоны желіде қызу талқыға салып, түрлі пікірлерін жаудырып жатыр деп хабарлайды
KAZ.NUR.KZ.
АҚШ төріндегі концертін дүркіретіп өткізген Димаш Құдайбергеннің жанкүйерлері бүгінде әлемнің түрлі елдерінде бар.
Солардың бірі әншінің Нью-Йоркте өткен концертінде оны еркінен тыс сүйіп алғанға ұқсайды.
Желідегі парақшаларда пайда болған видеода Димаштың көпшілік арасында ән салып жүрген сәтінде оны бір қыздың күштеп сүйіп алғаны көрініс тапты.
Өнер иесіне "ессіз" ғашық болған бойжеткенге тіпті әншінің оққағарлары да тосқауыл бола алмаған.
Десе де арудың бұл әрекеті Димаштың өзге жанкүйерлеріне жақпай қалған сынды. Себебі олар желіде осы оқиғаны қызу талқыға салған. Желі қолданушылары:
"Өз мүмкіндігін жібермеу деген осы болар", "Бақытты ару екен", Мұндайға жол бермеген дұрыс, қауіпті", "Американың қыздары пысық" деген пікірлерін жаудырып жатыр.
Айта кетейік, Димаш Құдайберген АҚШ-та алғаш рет концерт өткізіп, көптен күткен кеш аншлагпен өткен еді.
Кейін желіде әншінің өзінің АҚШ-тағы аттасымен кездескені белгілі болды.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: