Facebook WhatsApp Instagram

Мәдениет

0

Абай-175: Қызылордада республикалық ақындар айтысы басталды


Бүгін Н.Бекежанов атындағы қазақ академиялық музыкалық драма театрында Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай "Абай жолымен" атты республикалық ақындар айтысы өтуде.
Сондай-ақ, ақындардың басын қосқан дүбірлі додаға еліміздің айтулы 12-і ақыны қатысуда.
Айтыстың мақсаты - көрерменге дала данышпанын жаңа қырынан таныстырып, абыз ақынның философиялық, ағартушылық, саясаткерлік қасиеттерін ашып, адами болмысын зерделеп жырға қосу. Аламан бәйгені ақын, М.Мақатаев атындағы сыйлықтың екі мәрте иегері, «Құрмет» орденінің иегері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жүрсін Ерман тізгіндеді.
Жыр дода "Nur Otan" партиясының және облыс әкімдігінің қолдауымен өткізілуде.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: