Facebook WhatsApp Instagram

Мәдениет

0

Қазақ халқымен бауырдай араласамыз


Тұңғыш Президент - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 1 наурыз - Алғыс айту күні етіп жариялағандығы жөніндегі жарлыққа қол қойғанын теледидардан естіп көргеннен бастап қуандым. Өйткені, қазақ халқына деген біздің мехсеттік түріктер ұлты өкілдері атынан шын жүректен арнаған алғысымызды жеткізгім келеді.
Ата-анам 1944 жылы 17 желтоқсанда Қап тауынан осында жер аударылып көшіп келіпті. Міне содан бергі 76 жыл бойы қазақ халқымен бірге тату-тәтті өмір сүріп келеміз.
«Біздің аман есен тірі қалуымыз әуелі құдайдың, екінші қазақтардың бауырмалдығы, жетім мен жесірге, біз секілді жер ауған халық өкілдеріне достық қолын созуының арқасы дер едім»- дейді әкем Сейфо. Оны осы топырақта туған біздер де жақсы сезінеміз. Сол үшін де қазақ халқы алдында борыштармыз, оларға айтар алғысымыз да шексіз. Мұның үстіне Қазақстанның тәуелсіздік алғана 29 жыл өтсе де бізді өзге ұлтсыңдар, елдеріңді табыңдар деген адам жоқ. Менің өзімде, балаларым да қазақтармен бірге туған бауырдай араласамыз.
Мұның бәрі елдің кемеңгер тұңғыш Президенті, Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың ұстанған сарабдал саясатының арқасы десем артық айтқандық емес. Сондықтан бізді сыртқа теппеген, шеттетпеген жүздеген ұлт пен ұлыстарға төрінен орын берген Нұрсұлтан Әбішұлыдай заңғар басшысы бар қазақ халқына мың алғыс айтқым келеді.

Амурша Байсалов,
жеке кәсіпкер
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: