Сейхун-инфо.кз / Жас ақындар мүшәйрасы, суретшілер байқауы өтті

Жас ақындар мүшәйрасы, суретшілер байқауы өтті

Жас ақындар мүшәйрасы, суретшілер байқауы өтті4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күні қарсаңында Жаңақорған ауданындағы «Ордакент» ардагерлер және жастар ресурстық орталығында «Мемлекеттік рәміздер – елдігімнің айғағы» атты жас ақындар мүшайрасы және «Ел рәміздер асыл мұрамыз» атты жас суретшілер байқауы өтті. Ұйымдастырушы аудандық ішкі саясат бөлімі және «Жастарды қолдау орталығы» аудандық бөлімшесі.
Аталмыш шарада барлық кент, ауылдық округтерден келген дарындылар бақ сынасты. Мемлекеттік рәміздерді насихаттап өлең жазған жас ақындар құлақтың құрышын қандыра өлең оқыса, Мемлекеттік рәміздер тарихынан сыр шертетін әсемде, көрікті, тарихи суреттерімен қылқалам шеберлері ерекше еңбекпен көзге түсіп, ел рәміздері кеңінен насихатталды. 
«Мемлекеттік рәміздер – елдігімнің айғағы» атты жас ақындар мүшайрасында Келінтөбе ауылынан келген жас ақын Нәрзілда Нұрсұлтан өза шауып, бас жүлдені иеленсе, «Ел рәміздері – асыл мұрамыз» атты жас суретшілер байқауында Екпінді ауылынан келген жас суретші Ермаханов Олжас бас жүлдені қанжығасына байлады. Аталған игі шаралар өз деңгейінде өткізіліп, барлық қатысушылар ынталандыру сыйлықтар және алғыс хаттармен марапатталды.
5-06-2015, 10:30
Вернуться назад