Сейхун-инфо.кз / РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ӘНШІЛЕР КОНКУРСЫНЫҢ ГАЛА-КОНЦЕРТІ ӨТЕДІ

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ӘНШІЛЕР КОНКУРСЫНЫҢ ГАЛА-КОНЦЕРТІ ӨТЕДІ


Бүгін, яғни 18 мамыр күні сағат 21.00-де Орталық алаңда әнші-композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Батырхан Шөкенов атындағы "Отан-Ана" атты ІІ республикалық әншілер конкурсының қорытындысымен гала-концерт өтеді.
КЕШ ҚОНАҚТАРЫ: әнші, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Дильназ Ахмадиева, композитор, продюсер Ринат Гайсин, әнші, композитор, республикалық, халықаралық конкурстардың лауреаты Рүстем Нұржігіт және танымал әнші Али Оқаповтар өнер көрсетеді.
Сонымен қатар, "Отан-Ана" атты ІІ республикалық әншілер конкурсының жеңімпаздары мен облыстық филармония әншілерінің өнерін тамашалай аласыздар!

Қызылорда қаласының әкімдігі.
18-05-2018, 12:46
Вернуться назад