Сейхун-инфо.кз / АРАЙЛЫ АҚМЕШІТКЕ – ҚАРАТАУДАН ҚОҢЫР САЗ

АРАЙЛЫ АҚМЕШІТКЕ – ҚАРАТАУДАН ҚОҢЫР САЗ


Алты алашқа ана болған - Сыр елінің орталығы Қызылорда қаласының 200 жылдық мерейтойына аудандардың шығармашылық ұжымдарының концерттері және мерекелік іс-шаралар өткізілуде.
Әрбір аудан мерейтойға өз сый-тартуын ұсынуда. Жаңақорғандықтар да айшықты мерекеге орай «Қорқыт ата» ескерткішін демеушілер есебінен қайта жаңғыртып, салтанатты ашылу рәсімін өткізді. Ескерткіш аумағы абаттандырылды және көгалдандырылды, керамогранитпен қайта қапталды.
Сондай-ақ, 29 қазан күні А.Тоқмағамбетов атындағы мәдениет үйінде Жаңақорған ауданы өнерпаздары мен шығармашылық ұжымдарының концерті өтті. Қолөнер шебері Ұ.Маутованың туындылары мен ауданның тарихынан сыр шертетін көрме көпшілік назарына ұсынылды.
Бұған дейін қалада Жалағаш, Арал, Қазалы және Шиелі аудандарының күндері өтті. Қызылорданың 200 жылдық мерейтойына тарту ретінде "Жалағаш-жырдың мекені" көрмесі ұйымдастырылып, «Арал тартуы» мен «Жалаңтөс бахадүр» аллеялары, «Еңбек аллеясы» жаңғыртылды.
30-10-2018, 13:40
Вернуться назад