Сейхун-инфо.кз / КІТАПХАНАДА КОВОРКИНГ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

КІТАПХАНАДА КОВОРКИНГ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ


Елбасының "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" бағдарламасының негізгі бағыттарының бірі халықтың білімге деген құштарлығын арттыру болып табылады.
Еліміздегі кітапханалардың қызметін жаңғыртып, оларды жаңа заманға сай үлгісін көрсететін "Коворкинг" орталығы салтанатты ашылды.
Ашылу салтанаты Қазантаев көшесіндегі №12 кітапаханада өтті.
Кітапханаларда жастарға арналған қызықты лекциялар ұйымдастырылып, пікірталас алаңдары және тағы басқа игі бастамалар қызмет ететін болады. Ал, ата-аналарымен келген балалар үшін тоғызқұмалақ, шахмат, қызықты логикалық ойындар, шеберлік сыныптары ұйымдастырылады.
18-12-2018, 09:44
Вернуться назад