Сейхун-инфо.кз / "Болашағымыз осылар": Балабақшада айтысқан бүлдіршіндер желіні жарды

"Болашағымыз осылар": Балабақшада айтысқан бүлдіршіндер желіні жарды


Әлеуметтік желіде балабақша тәрбиеленушілерінің домбырамен айтысқан сәті тарап, көпшіліктің көңілін көтерді деп хабарлайды
KAZ.NUR.KZ порталы.
Қызықты видеоны bakhyt_show атты Instagram қолданушысы парақшасында жариялады.
Кадрдан жаңа жыл мерекесіне орай ұйымдастырылған ертеңгілікте қос бүлдіршіннің домбырамен айтысқанын, олардың өнеріне көпшіліктің қошемет көрсеткенін байқауға болады.
Балабақша тәрбиеленушілері фольклорлық жанр арқылы әлеуметтік мәселелерді көтеріп, саясаттан хабардар екенін білдірді.
Соның үшінді балдырғандар қайым айтыс барысында көп балалы аналарға берілетін атаулық әлеуметтік көмекті, несие тақырыбын әңгімеге арқау етті.
Соның үшінді балдырғандар қайым айтыс барысында көп балалы аналарға берілетін атаулық әлеуметтік көмекті, несие тақырыбын әңгімеге арқау етті.
Бұны көрген желі оқырмандары "Бәрекелді", "Біздің болашағымыз осылар", "Жарайсыңдар", "Екеуі көңілімді көтеріп тастады", "Тамаша" деген пікірлерін қалдырды.
Арасында ұлттық құндылықты насихаттап, бүлдіршінге дұрыс бағыт көрсетіп отырғаны үшін балабақша тәрбиешілерінде мақтағандар табылды.
2-01-2020, 17:21
Вернуться назад