Сейхун-инфо.кз / Әнші Асан Пердештің 15 жастағы қызға үйленгені рас па?

Әнші Асан Пердештің 15 жастағы қызға үйленгені рас па?


Алғашқы әйелімен ажырасқан Асан Пердеш, екінші мәрте шаңырақ көтерген еді. Осыдан бір жыл бұрын шымкенттік жігіт 15 жастағы бойжеткенді өмірлік жары ретінде таңдаған. Жақында ғана өнер иесінің су жаңа келіншегі 16-ға толып, төлқұжатқа қол жеткізген, деп хабарлайды
Shownews.kz ақпараттық порталының тілшісі.
нші Асан Пердеш жұбайының жасы жайлы жан баласына жақ ашпайды. Құзырлы органдардан қорықса керек, әнші жігіттің жалған ақпарат беруіне тура келді
«Әйелім қазір 2-ші курс студенті. Жақында ғана туған күні болды. (күледі) Дүркіретіп тұрып тойладық. Жаңа отбасыммен бейнебаян түсіруді жоспарлап жүрмін. Жақында көріп қаласыздар. Жұрт түрлі пікірлер айта береді. Менде бәрі жақсы. Қазіргі жағдайым өзіме ұнайды. Сүйіктім жанымда. Қандай жағдай болмасын қолдау көрсетіп, демеп отырады.», – дейді Асан Пердешов.
Алғашқы әйелімен 2014-те отбасын құрған Асан, бір жылдан соң ажырасып тыныпты. Жұбайлардың екі жаққа кетуіне өзара түсініспеушілік себеп болған деседі. Жас келіншек кезінде атағы аспандап тұрған әншінің жұлдызды өміріне қызықса керек. Көп ұзамай шаңырағы шайқалған. Бірақ ғаламторда әнші жігіт әйеліне қол көтерген деген қауесет те тарапты.
«Бірінші әйеліммен сүйіп қосылсақ та, тіл табыса алмадық. Кикілжің көп болатын. Ата- анамның да көңілінен шықпады. Алғашқы некем маған сабақ болды. Қазіргі жарыммен отбасын құрмас бұрын, ең алдымен үйге әкеліп, жанұяммен таныстырдым. Анам бірден ұнатты», – дейді әнші.
Бүгінде Асанның шығармашылығы тоқырауға ұшыраған. Алдағы уақытта репертуарын жаңартып, шоу-бизнеске қайта оралмақшы. Өнерден алшақтауына қарт ата-анасының жағдайы себеп болған көрінеді.
«Ата-анам егде жастағы жандар. Маған ең бірінші солардың жағдайы маңызды. Қара шаңырақты, туып өскен ауылымды тастап кете алмадым. Соңғы жылдары өздері ұсыныс тастап, өнерге оралуымды қалады. Міне содан бері Алматыдамын. Екі ортада жүрген жайым бар. Өнерде көтерілсең, сені бәрі көреді. Құласаң кімнің-кім екенін біледі екенсің», – дейді Асан.
7-01-2020, 17:49
Вернуться назад