Сейхун-инфо.кз / Әбу Насыр әл-Фараби шығармаларын оқудан облыстық онлайн байқау өтіп жатыр

Әбу Насыр әл-Фараби шығармаларын оқудан облыстық онлайн байқау өтіп жатыр


Аймақта Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдығына орай, Ұлы философтың шығармаларын оқудан облыстық онлайн байқау өз жалғасын табуда.
Шара Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасы және «Ашық Азаматтық Қоғам» ақпараттық-ресурстық орталығының ықпалымен ұйымдастырылуда.
Байқау 20 мамыр мен 15 маусым аралығында фейсбук және инстаграм әлеуметтік желілері арқылы өтеді. Шараның шарты бойынша 15 жастан асқан әлеуметтік желі қолданушылары, түрлі сала мамандары мен аймақ тұрғындары қатыса алады. Сондай-ақ, Әл-Фараби шығармаларына қатысты эссені жеке парақшасына жариялап, желідегі достарын ғалымның шығармаларын оқуға шақыруы керек. Жеңімпаздар арнайы диплом, алғыс хаттармен, бағалы сыйлықтармен марапатталады. Барша қызылордалықтарды байқауға белсене қатысуға шақырамыз!

23-05-2020, 23:37
Вернуться назад