Facebook WhatsApp Instagram

Саясат

0

Аралдағы Абай ауылы теміржол станциясының біріне айналады

Аралдағы Абай ауылы теміржол станциясының біріне айналадыЕлбасы қолдауымен жүзеге асырылған «Жезқазған-Бейнеу» теміржол магистралі Арал ауданындағы Абай ауылынан басып өтеді. Бүгінде сайын даладағы елді-мекендерге жан бітірді. Шойын жолдың 272 шақырымы Қызылорда облысына тиесілі. 
Осы аралықта 3 станция және 10 бекет салу жоспарланған. Қазіргі таңда стансалар мен бекеттерде электр желілері, өндірістік және техникалық ғимараттар және әлеуметтік нысандар салынуда. Жаңа станциялардың бірі Арал ауданындағы Абай ауылында орналасатын болады. 
Екі жарым мыңға жуық тұрғыны бар елді-мекеннің негізгі кәсібі – мал шаруашылығы. Жаңа магистарль салынғалы бері мұнда инфрақұрылымдық жұмыстар жүргізіліп, бірқатар әлеуметтік нысандар бой көтерді. Шеткейде ауыл жұртшылығы алдағы күндерге сеніммен қарап, жарқын болашағын мүмкіндігі мол болат жолмен байланыстыруда. 
«Қазақстан Темір Жолы» ұлттық компаниясының қаржысы есебінен станция аумағынан теміржолшыларға арналып, 2 пәтерлік 20 үй салу көзделуде. Яғни, 40 отбасы баспаналы болады. Бүгінде алғашқы үйдің құрылысы аяқталды. Темір жол бойындағы станция құрылысында 40 адам тұрақты жұмыс жасауда. Соның 25-і Абай ауылының тұрғындары. Жалпы, станция толық іске қосылғанда мұнда 200 адамға дейін еңбек ететін болады. Ал шойын жолдың бойында салынуға тиісті барлық станциялардың құрылыстары келер жылы толық аяқталады.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: