Facebook WhatsApp Instagram

Саясат

0

Жаңақорғанда күн электр станциясының құрылысы басталды

Жаңақорғанда күн электр станциясының құрылысы басталдыЖаңақорған ауданында қуаттылығы 50 МВт болатын күн электр станциясының құрылысы басталды. Бұл табиғи факторлардың көмегімен энергияның балама көзін пайдалана отырып, «Жасыл экономика» түзуге бетбұрыс жасайтын бірегей жоба болмақ. 
Облыстың энергияға қажеттілігі 54 МВт құрайды, егер бұл станция іске қосылса облысты толық энергиямен қамтитын болады.
Облыс әкімі Қ.Көшербаев баламалы энергетика саласында жұмыс істейтін бірқатар шетелдік компаниялардың басшыларымен кездесіп, күн электр станциясы құрылысын бастау рәсіміне қатысты. 
– Мемлекет басшысы жел, күн электр энергиясы инновациялық экономиканы дамытудың аса маңызды катализаторына айналуы қажеттігін атап көрсеткен болатын. Сондықтан біз облысымызды таза, энергияны тұтыну жағынан тиімді, «жасыл» қалаға айналдыруға тиіспіз», -деді аймақ басшысы.
Электр қуатын экологиялық табиғи әрі таза жолмен алатын станцияның құрылысын «Bas energy» ЖШС мердігер мекемесі бастамақ. 2016 жылға қарай құрылыс жұмыстары толық аяқталады. Айта кетейік, жобаға салынатын инвестиция көлемі 65 млн еуроны құрайды. Құрылыс барысында 50-ге жуық адам жұмыспен қамтылған.

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: