Facebook WhatsApp Instagram

Саясат

0

«Байкоңыр» IV инвестициялық форумы өтеді

«Байкоңыр» IV инвестициялық форумы өтеді2014 жылдың 29-30 қазанда Қызылорда және Байқоңыр қалаларында «Байқоңыр» IV инвестициялық форумы өтеді.
Форум мақсаты – шетелдік және отандық инвесторлар мен индустриалды, туристтік және аграрлық салалардағы компаниялармен өзара тиімді ынтымақтастық орнату, инвестциялық климатты жақсарту және қаржылық инфрақұрылымды дамыту.
Ұйымдастырушылар:
Қызылорда облысы әкімдігі және Еуразиялық Экономикалық Комиссиясы
Форумда Қазақстан Республикасының және өзге мемлекеттердің ірі кәсіпкерлері, банк секторы, мемлекеттік органдар, дамыту институттары, ұлттық компаниялар және ғылыми зерттеу институттары өкілдері қатысады деп күтілуде.
Форум бағдарламасында келесі тақырыптар бойынша секциялар өтеді:
«Мемлекеттік-жеке меншік серіктестігі аймақ даму стратегиясының жүзеге асырылуының атқарушы механизмі»
«Қызылорда облысының басым бағыттардағы инновациялық жобалары бойынша инвестицилық ұсыныстар»
«Ауыл шаруашылық өндірісін әртараптандыру»
«Қызылорда облысы мен Түркия Республикасының шағын және орта кәсіпкерлік саласындағы ынтымақтастық әлеуеті»
«Қызылорда облысы мен Ресей Федерациясының Кострома облысының ынтымақтастық әлеуеті»
«Еуразия экономикалық одағы аумағында бірыңғай қызмет және жалпы қаржы нарығын құру жағдайында кәсіпкерліктің даму әлеуеті» атты дөңгелек үстелі
Форум құрылымы
«ЕАЭО жағдайындағы Қызылорда облысының жаңа мүмкіндіктері» тақырыбындағы «Байқоңыр» IV Инвестициялық форумы» 2 күнге созылады (29-30 қазан 2014 ж.).
Форумның іскерлік бағдарламасы келесідей ұсынылады:
Форумның бірінші күні (29 қазан 2014 ж., Байқоңыр қаласы):
Байқоңыр ғарыш айлағы музей кешеніне бару
Форум қатысушыларына Байқоңыр ғарыш айлағының №2 алаңында орналасқан ғарыш музейіне баруға мүмкіндік туады. Музей 1965 жылы С.П. Королевтің бастауымен салынған. 1958 жылы салынған 2 қабаттық сарбаз клубында орналасқан. Ғимараттың жалпы ауданы 1680 метр, барлығы 6 көрме залы орналасқан.
Музейде келесі тақырыптар бойынша экспозициялар құрылған: «Алғашқы ардагерлер», «Зымыран техникасының алғаш сынаушылары», «Жердің алғаш жасанды серігін ұшыру қатысушылары», «Алғаш адамның ғарышқа ұшуы», «Восток» және «Восход» қатысушылары», «КСРО ғарышкерлері. Ресей ғарышкерлері», «Энергия – Боран» әмбебап транспорт кемесі», «Пилоттық жобасындағы «Союз» ЗТ пайдалану», «Ғарыш бағдарламасында «Протон» қолданысы», «Интеркосмос» бағдарламасы бойынша пилоттық ұшу», «ХҒО ынтымақтастығында Ресейдің қатысуы».
Сондай-ақ музейге Королев С.П. және Гагарин Ю.А. 2 мемориалдық үйлері, «Боран» жобасы макеті және ғарыш техникасының түрлі үлгілері кіреді. Қазіргі таңда музейде 10000-нан астам экспонат бар. Музей экспозициялар қорында ғарышта болған экспонаттар, ғарышкерлердің және ғарыш айлағы құрылысшыларының жеке заттары сақталған.
Байқоңыр ғарыш айлағынан «Союз» зымыраны ұшырылуын тамашалау
«Союз» тасушы зымыраны бастапқы кешені «Союз» секілді орта класстағы түрлі ғарыш аппараттарын ұшыруды өткізу үшін арналған.
«Союз-У» зымыран тасығышының ұшырылуы «Прогресс-М-25м» жүк кемесі арқылы жүзеге асады. Кеме халықаралық ғарыш бекетіне 25 тоннадан астам түрлі жүк тасымалдайды деп жоспарлануда.
Кәсіпкерлік мәселелері бойынша ЕЭК Алтыншы Кеңестік коммитетінің отырысын өткізу
Форум аясында Кәсіпкерлік мәселелер бойынша  ЕЭК консультативті комитетінің  Алтыншы отырысы өткізілетін болады.
Отырысқа ЕЭК, Белорусь, Қазақстан және Ресей министрліктері мен ведомстволары, үш елдің бизнес қауымдастықтарының өкілдері қатысады. Тауарлардың жеке категорияларының, оның ішінде алкогольді өнімдердің еркін қозғалысына тосқауыл болатын кедергілер, шектеулер мен тартып алулады жою бойынша ЕЭК, Кедендік Одақ және Бірыңғай экономикалық кеңістіктің мүше-мемлекетерінің жоспарлы жұмыс барысында Комитет мүшелері ЕАЭО аясындағы алкогольды нарықты реттеу туралы Келісім жобасының дайындығы мен қаралуы бойынша жұмыстарды талқылайды.
Тараптардың бизнес қауымдастығы өкілдері өз кезегінде Кедендік одақ пен Бірыңғай экономикалық кеңістік аумағында, оның ішінде Қазақстан Республикасының Қызылорда облысында кәсіпкерлік қызметін жүргізуде туындайтын кедергілер жөнінде ақпарат береді. Сонымен қатар, аталған үш елдің кәсіпкерлік қызмет субъектілері ЕЭК өкілдеріне бизнес жүргізудегі кедергілерге қатысты сұрақтарын қоя алады.
Қорқыт Ата мемориалдық кешеніне бару
Қорқыт Ата мемориалдық кешені 1980 жылы негізі қаланып, «Қорқыт» теміржол бекеті жанында Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Жосалы кентінен 17 шақырым жерде орналасқан. Бұл жерден Байқоңырға дейін 34 шақырым. Бұл архитектуралық кешен дана, сәуегей, философ, жыршы, қазақ шекті әуенінің негізін қалаушы Қорқытқа (VII – VIII ғғ.) арналған. Аңыз адамның құрметіне төбесінен қарағанда үлкен қобыз бейнесі бар архитектуралық ескерткіш орнатылған. Жел болған кезде ескерткіш қобыз үніне ұқсайтын дыбыстар шығарады.
Ішінен қарағанда ескерткіш орта нышанын жауып тұратын бағытты жинақты құрайды. Бұл жинақ түйе табан оюымен өрнектелген. Мұның себебі Қорқыт Атаның сиқырлы күшке ие Желмая атты түйесіне арналған.
2014 жылы кешен толық қайта жаңғыртуға беріліп, онда күрделі жаңартулар мен өзгерістер енгізілген.
Форумның екінші күні (30 қазан 2014 ж., Қызылорда қаласы, Бастау БО):
-Пленарлық отырыс өткізу;
-«ҮИИД МБ алғашқы бесжылдығын облыс көлемінде жүзеге асыру аясындағы индустриалды-инновациялық дамуын қорытындылау және облыстың инвестициялық жобаларын таныстыру»;
-№1 секция жұмысы - «Мемлекеттік-жеке меншік серіктестігі аймақ даму стратегиясының жүзеге асырылуының атқарушы механизмі»
-№2 секция жұмысы – «Қызылорда облысының басым бағыттардағы инновациялық жобалары бойынша инвестицилық ұсыныстар»
-№3 секция жұмысы – «Ауыл шаруашылығы өндірісін әртараптандыру»
Форумда секциялық отырыстармен қатар дөңгелек үстел өткізу жоспарлануда:
«Еуразия экономикалық одағы аумағында бірыңғай қызмет және жалпы қаржы нарығын құру жағдайында кәсіпкерліктің даму әлеуеті»
Сондай-ақ келесі тақырыптар бойынша секциялық отырыстар өтеді:
-  «Қызылорда облысы мен Түркия Республикасының шағын және орта кәсіпкерлік саласындағы ынтымақтастық әлеуеті»
- «Қызылорда облысы мен Ресей Федерациясының Кострома облысының ынтымақтастық әлеуеті»
Қызылорда облысы болашаққа сеніммен қарап, молшылықтың, өркендеудің, сәттілік пен саулықтың, тұрақтылық пен жасампаздықтың нышанына айналуға тырысып бағуда.
 
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: