Facebook WhatsApp Instagram

Саясат

0

Салық болжамдары 110,9 пайызға орындалды

Салық болжамдары 110,9 пайызға орындалдыОблыс бойынша 2014 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша  шоғырландырылған бюджетке жалпы салықтар және төлемдер 319,0 млрд. теңге көлемінде түсуі (оның ішінде ҚР Ұлттық қорға 255,8 млрд теңге) қамтамасыз етілді.
 Облыстық салық департаментінің хабарлауынша мемлекеттік бюджет болжамы 56,9 млрд. теңгені шамалайтын. Оның нақты орындалуы 63,1 млрд. теңгені құрап, соның нәтижесінде 110,9  пайызға орындалды. Оның ішінде жергілікті бюджетке 49,7 млрд. теңге қаражат түсіп, болжам 116,6 пайызды құрады. Өткен жылмен салыстырғанда 11,9 млрд теңге артық орындалуы қамтамасыз етілді. Өсу қарқыны 131,5 пайызға жетіп отыр. 
Қосымша бюджет түсімдері көздерінің бірі – салық төлеушілердің салық органына тапсырған салық есептіліктерін уәкілетті органдардың берген мәліметтерімен, сондай-ақ салық төлеушінің қызметі туралы басқа да құжаттар мен мәліметтерді зерделеу, талдау негізінде жүргізілетін  камералдық бақылау  нәтижелерімен бюджетке қосымша 3302,8 млн теңге салықтар мен түсімдер есептеліп, одан нақты 2003,2 млн теңге түсуі қамтамасыз етілді. 

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: