Facebook WhatsApp Instagram

Саясат

0

АУДАНДЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ КЕЗЕКТЕН ТЫС КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТТІ

 АУДАНДЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ КЕЗЕКТЕН ТЫС КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТТІ«Нұр Отан» партиясы Арал аудандық филиалының кезектен тыс конференциясы өтті.
Конференцияны Арал ауданының әкімі, «Нұр Отан» партиясы Арал аудандық филиалының төрағасы Абзал Мұхимов ашып, жүргізіп отырады. Конференцияға 33 бастауыш партия ұйымынан 50-ге жақын делегат қатысты. Олардың басым бөлігін «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының саяси кеңесі мен бюро мүшелері, аудандық мәслихаттың депутаттары, аудандық салалық бөлім басшылары, жастар және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері құрады. 
Конференцияның Күн тәртібінде мынадай мәселелер қаралады.«Нұр Отан» партиясының кезектен тыс XVII сезінде қабылданған «Қазақстан-2021: Бірлік, Тұрақтылық, Жасампаздық» атты партияның сайлауалды бағдарламасы туралы: «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалы атынан аудандық мәслихаттың депутаттығына кандидаттарды ұсыну туралы: «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалының кезектен тыс XIX конференциясына делегаттар сайлау туралы. 
Күн тәртібіне қойылған бірінші мәселе төңірегінде аудан әкімі Абзал Мұхимов бағдарламада басымдық берілген мәселелерге қатысты ауданда атқарылған шараларға шолу жасады. Сондай-ақ әр саланың қызметкерлері өз ойларын ортаға салып, пікірлерімен бөлісті.
Екінші мәселеге аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Алдаберген Алдиярұлына тоқталып, «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалы атынан аудандық мәслихаттың депутаттығына 15 үміткер таңдалды. Және оларды «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы Саяси кеңесінің бюросы мақұлдап, конференция делегаттары үміткерлерді бекітті.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: