Facebook WhatsApp Instagram

Саясат

0

ОБЛЫСТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

ОБЛЫСТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІҚызылорда облысы әкімдігінің мәжіліс залында саяси партиялар және бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен облыстық сайлау комиссиясының отырысы өтті. 
23 ақпанда мәслихаттар депутаттығына кандидаттарды тіркеу аяқталды. ОСК төрағасы Абайбек Жүнісов мәлімдегендей, мәслихаттар депутаттығына ұсынылған 498 кандидаттың 464-і округтік сайлау комиссияларының шешімімен тіркелді. 32 кандидат өз өтініштерін қайтарып алды, 2 кандидат құжаттарын түгел тапсырмауына байланысты округтік сайлау комиссиялары  оларды тіркеуден бас тарту туралы шешім қабылдады. Облыс бойынша 1 мандатқа 4 кандидат бәсекелес болып тұр. Тіркелген кандидаттардың 86-сы облыстық мәслихатқа; орташа жасы – 49 жас; 316-ы аудандық мәслихаттарға; орташа жасы – 45 жас;  62-сі қалалық мәслихатқа, орташа жасы – 42 жас. 
Облыс бойынша кандидаттардың орташа жасы – 45 жас. Ең жас - 22 жастағы және ең егде – 69 жастағы кандидаттар Жаңақорған аудандық мәслихатының депутаттығына үміткер.
Тіркелген кандидаттардың ішіндегі 30 жасқа толмаған азаматтардың саны - 71 адам (16%),  30-60 жас арасындағылар – 365 адам (79%), 60 жастан асқан кандидаттардың саны  - 28 адам.
396 кандидат жоғары білімді, олардың ішінде 137 мұғалім, 93 инженер, 41 экономист, 24 заңгер, 14 дәрігер, 14 ауылшаруашылығы саласының маманы, 73 өзге саланың мамандары бар. 50 кандидаттың - арнаулы орта, 18 кандидаттың орта білімі бар.
244 кандидат (52,6%) мемлекеттік органдар мен ұйымдардың қызметкерлері болса, 181 кандидат (39%) коммерциялық құрылымдарда жұмыс атқарады, 11 кандидат (2,4%) - саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктердің қызметкерлері, 9 кандидат (1,9%) - уақытша жұмыссыз және 19 кандидат (4,1%) өзге салаларда жұмыс атқарады.
Барлық тіркелген кандидаттардың 343-і өзін-өзі ұсыну жолымен және 148-і саяси партиялардан ұсынылған.
Кандидаттардың 1-уі партияға мүшелігін көрсетпеген, 146 кандидат «Нұр Отан» партиясының мүшесі, 3-уі «Ауыл» ХДПП, 1-уі – «Ақжол» ҚДП, 2-уі - ҚКХП мүшесі, 311-і – партияда жоқ. 
Ұсынылған кандидаттардың 463-і – қазақ, 1- кәріс ұлтынан. 
Ер адамдар – 367 (79,1 %), әйелдер – 97 (20,9 %). 
24 ақпаннан бастап 2016 жылғы 18 наурыз күнгі 24.00-ге дейін мәслихаттар депутаттығына тіркелген кандидаттар үгіт-жұмыстарын жүргізеді. ОСК хатшысы Аягөз Сырлыбаева осы ретте үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу шарттары мен тәртібі туралы айтты. Әкімдіктер аумақтық сайлау комиссияларымен бірлесіп үгіт баспа материалдарын орналастыратын орындарды белгілеген және оны жарақтандыру мәселелері шешілген.
26 ақпандағы жағдай бойынша сайлау комиссияларында барлық деңгейдегі мәслихаттардың депутаттығына кандидаттардың 4739 сенім білдірілген адамы, саяси партиялардың 1050 сенім білдірілген адамы тіркелген. Әрбір саяси партия Қызылорда облысы бойынша 350 сайлау учаскесіне шаққанда 1050 сенім білдірілген адамға дейін тіркетуге құқығы бар.
Үгіт жұмыстарын жүргізген кезде «ҚР сайлау туралы» ҚР Конституциялық заңы, БАҚ арқылысайлау алдындағы үгітті жүзеге асырудың ережелерін, Сайлау қорларының қаражатын жұмсаудың ережелерін және ҚР ОСК қаулыларымен бекітілген басқа да ережелердің талабын сақтау қажет.
Отырыс соңында саяси партиялар өкілдері сайлауға қатысушы саяси партиялар мен кандидаттарды сайлаушылардың даусына күресте қолданыстағы сайлау заңнамасының талаптарын ұстануға шақыратын таза, айқын, әділ сайлау өткізу туралы меморандум қабылданды. 
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: