Facebook WhatsApp Instagram

Саясат

0

АРАЛДА ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР БӨЛІМІ БАСШЫСЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

АРАЛДА ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР БӨЛІМІ БАСШЫСЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ2016 жылдың 3 наурызындағы Қызылорда облысы төтенше жағдайлар департаменті бастығының бұйрығымен Күмісов Мұрат Кеулімжайұлы аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы қызметіне тағайындалды.
Мұрат Кеулімжайұлы – 1975 жылы 6 наурызда Арал қаласында дүниеге келген. 1992 жылы Арал қалалық № 14 орта мектебін бітіріп, еңбек жолын «Арал Астық» акционерлік қоғамында оператор мамандығында бастаған. 1993-94 жылдары Қазақстан Республикасы Қарулы күштері қатарында әскери борышын өтеп, әрі қарай «Арал Астық» акционерлік қоғамында еңбек жолын жалғастырған. 
1998 жылы Өртке қарсы қызмет органының Арал аудандық № 1 өрт сөндіру бөлімі қызметіне қабылданған. 2001 жылы осы бөлімде анықтаушы-инспектор, 2005 жылы бас маман қызметінде болған. 
2008 жылдан бастап Арал аудандық Төтенше жағдайлар бөлімінде бас маман, 2012 жылдан бастап Қазалы аудандық Төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы қызметін атқарған. 
Білімі жоғары, 2001 жылы Қызылорда мемлекеттік университетін, 2010 жылы Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Көкшетау техникалық институтын бітірген. Шені - азаматтық қорғау подполковнигі. Отбасылы, үш бала тәрбиелеп өсіруде.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: