Facebook WhatsApp Instagram

Саясат

0

Қызылорда жастары Байқоңырда бас қосты

Қызылорда жастары Байқоңырда бас қостыБайқоңыр қаласында  ҚР Президентінің «Байқоңыр» кешеніндегі арнаулы өкілдігінің қолдауымен обылыстық жастар саясаты мәселері жөніндегі басқармаcының мемлекеттік тапсырысы шеңберінде «Қорқыт елі - Қармақшы» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен Қазақстан мен Ресей арасындағы достық, ынтымақтастық және өзара көмек туралы  келісімнің 22 жылдығына орай» обылыстық жастар форумы болып өтті.
Барлығы 150-ге жуық адам қатысқан форум аясында, «Екі елдің ынтымағы жастар көзімен», «БАҚ пен әлеуметтік желілерде жұмыс жасау механизімі», «Жастар арасында кәсіпкерлікті дамыту жолдары» атты секциялық жұмыстар жүргізілді. Қосымша мәселелер бойынша «Жас Отан» ЖҚ Байқоңыр қалалық филиалының хатшысы сайланды. Секциялық жұмыстарға қатысқан жастар өздерінің сауалдарын қойып, қызықтырып жүрген сұрақтарына жауап ала білді. Осылайша, жастар арасындағы мәселелер өз нәтижесін берді деп айтуға болады. Форумның  ең  қызықты  сәті де келіп жетіп, обылысымыздың  қоғамдық өміріне белсене атсалысып, ауылының  ғана  емес бүкіл обылыстың атын  республика  көлеміне  шығарып жүрген  белсенді  жастары  марапатталды.  
Пленпарлық мәжілістен кейін делегаттар Байқоңыр қаласының мәдени, тарихи ескерткіштеріне экскурция жасады.  Сонымен қатар, ғарыш айлағына барып, зымыранның ұшырылуын тамашалады. 
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: