Facebook WhatsApp Instagram

Саясат

0

ҚЫЗЫЛОРДАДА ЕҢБЕК САБАҚТАСТЫҒЫ ФОРУМЫ ӨТТІ

ҚЫЗЫЛОРДАДА ЕҢБЕК САБАҚТАСТЫҒЫ ФОРУМЫ ӨТТІҚызылордада Еңбек әулеттерінің ІІІ облыстық форумы өтті. 

Онда аймақтағы теміржолшылар, дәрігерлер, ұстаздар, диханшылар және өзге де еңбек династиялары қоғамға жоғары кәсіби мамандар әзірлеуге үлкен үлес қосқаны үшін облыс әкімінің алғыс хатымен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. 
Биыл облыста 8 еңбек әулеті жеңімпаз деп танылды. Олардың арасында еңбек тәжірибелері 700 жылдан асатын әулеттер де бар. Мәселен, Әбдірахмановтардың теміржол саласындағы тәжірибесі 752 жыл болса, ұстаздық жолын жалғап келе жатқан Остаевтар әулетінің жалпы тәжірибелері 800 жылдан асады. 
Облыс әкімі Қ.Көшербаев еңбек династияларын ұлықтаудың, қарапайым еңбек адамдарын құрметтеудің маңызына ерекше тоқталып, шараға арқау болған еңбекші отбасыларын мерекемен құттықтады. 
- «Еңбек – әлемнің әміршісі» дейді халық даналығы. Сыр елінің даңқын дала академигі Ыбырай Жахаев бастаған 102 Социалистік Еңбек Ерлері шығарса, ер-азаматтармен бірдей иық тірестіре еңбек етіп, мемлекет байлығын еселеп өсірген Шырынкүл Қазанбаева, Сәлима Жұмабекова, Ұлбала Алтайбаева, Жадыра Таспамбетова, Зәкира Ержанова сияқты ақжаулықты аналарымыздың ерен еңбектері бүгінгі жас ұрпақ үшін аңызға айналды. Дала төсін дүбірлеткен Еңбек Ерлерінің жалғасы Сыр елінің перзенттері – кәсіпкер Абзал Ералиев пен денсаулық сақтау саласының майталманы Юрий Пя сынды Еңбек Ерлері –Тәуелсіз Қазақстанның мақтаныштары,- деді аймақ басшысы Қ.Көшербаев.
Форумда еңбек әулеттерінің өкілдері еңбекші отбасыларының мерейін үстем еткен аймақ басшысына алғысын білдірді. Шара соңы мерекелік концертке ұласты.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: