Facebook WhatsApp Instagram

Саясат

0

Қызылордада құрама жем зауыты ашылады

Қызылордада құрама жем зауыты ашыладыҚызылорда облысында тәулігіне 80 тонна құрама жем өндіретін зауыт желтоқсан айында іске қосылмақ. 15 қараша күні облыс әкімі Қырымбек Көшербаев «Жан Арай Жем» ЖШС құрама жем өндіру зауытының құрылыс жұмысымен танысты.
Құрама жем өндіретін зауыт іске қосылған кезде 250-ге жуық жұмыс орны ашылады деп жоспарланып отыр. Зауыт құрылысымен таныстырған кәсіпорын директоры Махашев Бақдаулет құрама жем зауыты салынып жатқан жер учаскесінде қосымша қуаттылығы 150 тонна күріш салысын өңдейтін «күріш ақтау» зауыты, шикізат және дайын өнімдер сақтайтын қоймалар, автотаразы мен зертхана, қалталау цехы, ұн тарту диірмені мен макарон шығару өндірістері орналасатын ғимараттардың құрылыс жұмысы жүріп жатқанын айтты. Аталған өндірістерден шығатын дәнді дақыл қалдықтарын құрама жем шығаруға пайдаланатын болады. Қазіргі таңда зауытта Германиядан әкелінген жем шығаратын қондырғылар орнатылып, құрал-жабдықтарын электр желілеріне қосу жұмыстары жүргізілуде.
Аймақ басшысы өңірде мал шаруашылығын дамытуда жем-шөппен қамтамасыз етуге ерекше көңіл бөлу қажеттілігін айтып, іргелі кәсіпорын жұмысшыларына сәттілік тіледі. 
Айта кету керек, қазіргі таңда облыстың ауыл шаруашылығы саласында құрама жем өндіретін бірде-бір кәсіпорын жоқ. Осыдан-ақ мұндай кәсіпорынның облысқа қажеттілігін байқауға болады. Оның үстіне жыл сайын аймақта мал басы артып келеді.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: