Facebook WhatsApp Instagram

Саясат

0

«ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАН» ПОЙЫЗЫ ҚЫЗЫЛОРДАДА БОЛДЫ

«ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАН» ПОЙЫЗЫ ҚЫЗЫЛОРДАДА БОЛДЫ

 

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мерекесі құрметіне орай «Тәуелсіз Қазақстан» Пойызы» республикалық акциясы 2016 жылғы 2 қарашадан Қарағанды қаласынан  жолға шыққан болатын. 
4 желтоқан күні    «Тәуелсіз қазақстан» пойызы» Алаштың Анасы атанған Сыр еліне келіп тоқтады. Сыр еліндегі іс-сапарда «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалының мәжіліс залында құқық қорғау органдарының өкілдерімен  қоғамдық қабылдау ұйымдастырылды. 
Қазақстан халқы Ассамблеясының ұйымдастыруымен өтіп отырған республикалық акция мақсаты – ел Тәуелсіздігі жылдарындағы  республиканың қол жеткізген жетістіктерін насихаттау, халықтың бірлігін нығайту, жұртшылықтың әлеуметтік және құқықтық жағдайларына назар аудару, ел дамуының базалық басымдықтарын көрсету болып табылады. 
«Тәуелсіз Қазақстан» пойызының штаб  мүшесі, "Нұр Отан" партиясы қоғамдық  қабылдауының  меңгерушісі  Жұмажан Жүкенов  партияның облыстық филиалында тұрғындарды қабылдады.
Қабылдауға облыстық партия филиалының басшылығы, облыстық құқық қорғау және мемлекттік органдарының басшылары, партия  белсенділері мен қала тұрғындары және БАҚ өкілдері  қатысты. Қабылдауға 30-дан аса тұрғын қабылдауда болып, кеңес берілді. 
Әділет министрлігінің өкілдерін құраған бір топ Қызылорда облысының Халыққа қызмет көрсету орталығында азаматтарға мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алу бойынша кеңес берілді.  
Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мәжіліс залында зейнетақы және әлеуметтік мәселелер бойынша тұрғындармен кездесу өткізілді. 
Кездесуге келген 12 тұрғындарға әлеуметтік мәселелер бойынша кеңестер берілді. Оның ішінде, 7-не зейнетақы мәселесі, 3-не әлеуметтік көмек, 2-не жұмыспен қамту мәселелері бойынша қолданыстағы заңнамаларға сәйкес түсініктеме берілді. 
 Қызылорда облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің мәжіліс залында тұтынушылардың құқығын қорғау бойынша кеңес берілді. Тұрғындармен кездесуге ҚР ҰЭМ Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің бас сарапшысы Нұркен Жұматов қатысты. 
Тұтынушылардың құқығын қорғау бойынша кездесу өткізіліп, кезіндетолғандырған сұрақтар бойынша нақты жауап берілді. Кездесуге 30-ға жуық адам қатысып, қызу талқылау жүргізілді. Айта кету керек, кездесу барасында облыстық тұтынушылардың құқығын қорғау қоғамының төрағасы Серік Теңізбаев аталған мәселеге қатысты тұрғындардың сауалына жауап беріп, белсенді қатысты.
 №278 орта мектебінде білім саласы бойынша бағдарламаларды насихаттайтын  лекция ұйымдастырылды. Оған Білім және ғылым министрлігінің өкілдері, облыстық білім басқармасы басшысы және облыстағы білім ошақтары басшылары қатысты. Кездесуде мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі мен мемлекеттік кредиттеу жүйесі, жаңартылған білім беру мазмұны бойынша мектепке дейінгі тəрбие мен оқыту туралы толық мағылұмат беріліп, пікір алысты. 
Кәсіпкерлікті қолдау орталығындағы  кездесуге Өңірлік даму департаментінің эксперті Данияр Сыдықов қатысып, кәсіпкерлердің сауалдарына жауап берді. Кездесуге Қызылорда өңірінің 70-тен аса кәсіпкері қатысты. 
Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап кітапханасында облыс әкімінің орынбасары Руслан Рүстемов және «Тәуелсіз Қазақстан» пойызы мүшелерінің қатысуымен жиын өтті. 
Жиын барасында Тәуелсіздік сыйы акциясы өткізіліп, облыстық кітапханаға кітаптар табыс етілді. Сондай-ақ, «Тәуелсіз Қазақстан» пойызы делегаттарының қатысуымен қайырымдылық акциялар ұйымдастырылды. Сонымен бірге, поезд делегаттары «Достық үйінде» этно-мәдени бірлестіктері мүшелерімен, қала тұрғындарымен кездесіп, қоғамдық қабылдау өткізді. Қабылдауға қатысқан әрбір тұрғын өздерін толғанлырған сұрақтарға толық жауап алды.
Сыр өңіріне келген «Тәуелсіз Қазақстан» Пойызы» акция барысында  Астана, Алматы қалаларындағы ғылыми орталықтың білікті дәрігерлері облыстық кеңес беру диагностикалық орталығында қабылдау өткізді. Олардың құрамындағы ангиохирург, гастроэнтеролог, гематолог, кардиолог, невролог, онколог, травматолог, офтальмолог, пульманолог, ревматолог, уролог, хирург, эндокринолог маман-дәрігерлері таңнан кешке дейін 162 науқасқа кеңес берді. Акция барасында 15 науқасқа Астана, Алматы қалаларындағы ғылыми орталықтарға жолдама берілді.
Демалыс күніне қарамастан Сыр өңірінің халқы акцияға белсенді қатысты. Акция мүмкіндігін толық пайдалануды ескерген билік органдары шалғай елді-мекендердегі көмекті қажет ететін тұрғындардың қатысуына да жағдай жасаған.
Сыр өңіріндегі «Тәуелсіз Қазақстан» поезы республикалық акциясы А.Тоқмағамбетов атындағы қалалық мәдениет үйінде гала-концртпен қорытындыланды. 
Айта кету керек, Жалпы «Тәуелсіз Қазақстан» пойызы 35 елді-мекенді аралауы жоспарланған болса, Қызылорда қаласы 28-ші бекет болып табылады.


Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: