Facebook WhatsApp Instagram

Саясат

0

МЕМЛЕКЕТТІ БАСҚАРУДЫҢ ЖАҢА КЕЗЕҢІ

МЕМЛЕКЕТТІ БАСҚАРУДЫҢ ЖАҢА КЕЗЕҢІБүгін Өңірлік коммуникциялар қызметінде ҚР Президенті Н.Назарбаевтың билік тармақтары арасында өкілеттіктерді бөлу мәселелері жөніндегі үндеуіне орай «Сыр медиа» ЖШС жанындағы ақпараттық талдау орталығының директоры, саяси ғылымдар кандидаты Сәулет Сахиев және Облыстық тілдерді оқыту орталығының директоры Нұрсәуле Мұсаева өз пікірлерімен бөлісті.
- Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың жоғары биліктің өкілеттігін қайта тағайындау бойынша жариялаған үндеуі еліміз үшін аса маңызды Конституциялық реформа екені сөзсіз. Онда Президенттің әлеуметтік-экономикалық процестерді реттеудегі біршама өкілеттерін Үкіметке және басқа да атқарушы органдарға беру, Үкіметті жасақтауда Парламенттің рөлін күшейту қарастырылған. Бұл еліміздің экономикасын әртараптандыру бағытында жасалған батыл да баянды қадам деп айтуға болады. Сондай-ақ, ел алдындағы Үкіметтің жауапкершілігі деп түсінеміз, - дейді Нұрсәуле Мусаева.
Мұнан кейін сөз алған саясаттанушы Сәулет Сахиев бұл үдеріс арқылы биліктің заң шығарушы тармағының атқарушы билікке бақылауы күшейтілетіндігін атап өтті.
- Елбасы арнайы Үндеуімен барша қазақстандықтарға аса маңызды, тағдырлы мәселені ұсынды. Бұл билік тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу міндетімен байланысты. Күн сайын дамып, жаңарып келе жатқан әлемде өміршең, өзінің ерекшелігімен жұмыс атқаратын саяси жүйе құру уақыт талабы екені белгілі. Осы тұрғыда Мемлекет басшысы Конституция мен заңдарға өзгерістер енгізу арқылы қазіргі Президенттің өкілеттілігін бөлу мәселесін алға тартты. Аталған жүйенің жұмыс істеу ұстанымын зерделеуде Елбасының ұйғарымымен арнайы құрылған жұмыс тобы жасақталып, өз есебін берді. Аталған реформа қоғамдық талқылауға салынады және арнайы құрылған жұмысшы тобы келіп түскен ұсыныстар арқылы негізгі қорытынды жасайды. Елбасы өз сөзінде бұл екі бағыт бойынша жасалатын жұмыстардың жауапкершілігі көп екенін айтып, жаңа саяси жүйенің күрделі екеніне тоқталды. Бұл бағыт мемлекетті басқарудың тиімділігін күшейтетін бірден-бір жүйе екені даусыз, - деді Сәулет Ерназарұлы.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: