Facebook WhatsApp Instagram

Саясат

0

СЕНАТ ДЕПУТАТТЫҒЫНА ҮМІТКЕРЛЕРГЕ КУӘЛІК ТАПСЫРЫЛДЫ

 

Бүгін Қызылорда облыстық сайлау комиссиясының отырысы өтті. Жиында Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидат Ғ.Жарқынбаевтың қол қою парақтарын тексеру нәтижелері қаралды. 
Сондай-ақ, екі үміткерді Сенат депутаттығына кандидат ретінде тіркеу тіралы шешім қабылданды. Қол қою парақтарын тексеру нәтижесінде кандидат Ғ.Жарқынбаевты қолдап облыс бойынша барлық деңгейдегі 9 мәслихаттың 19 депутаты қол қойған, жарамсыз деп танылған қолдар анықталмаған. Кандидат декларацияларды тапсырып, сайлау жарнасын енгізген жағдайда осы қолдау оның тіркелуі үшін жеткілікті болып табылады.
Қажетті құжаттарды облыстық сайлау комиссиясына тапсырған А.Әлназарова мен Е.Әжікенов Сенат депутаттығына кандидат ретінде тіркеліп, оларға тиісті куәлік тапсырылды.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: