Facebook WhatsApp Instagram

Саясат

0

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА ЖОБАЛЫҚ БАСҚАРУ БЕЛСЕНДІ ЕНГІЗІЛУДЕ

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА ЖОБАЛЫҚ БАСҚАРУ БЕЛСЕНДІ ЕНГІЗІЛУДЕ

 

Жобалық басқарудың озық тәжірибесі Ресей Федерациясының Белгород облысынан алынып отыр.
"Биылдан бастап, Ресей Федерациясының Белгород облысының тәжірибесін қолдана отырып жаңа мемлекеттік басқару моделі ретінде «Жобалық басқаруды» енгізу бойынша белсенді жұмыс бастап кеттік. Осы ретте, біз үздіктер қатарына кіру үшін алдымызға айтарлықтай өр мақсат қойып, «Қызылорда облысында жаппай кәсіпкерлікті дамыту жобасын басқару» жобасымен ТМД елдерінің «Проектный Олимп» байқауына қатысуға өтінім ұсындық",-деді облыс әкімі Қырымбек Көшербаев облыстық мәслихаттың бірінші жартыжылдықтың қорытындысына арналған сессиясында сөйлеген сөзінде.
Мемлекеттік сектордағы жобалық қызметті кәсіби түрде басқару бойынша «Жобалық Олимп» халықаралық конкурсы Ресей Федерациясының Үкіметі жанындағы талдау орталығында өткізіледі. Конкурстың мақсаты – мемлекеттік сектордағы жобалық басқару құралдарын кеңінен қолдану, экономиканы дамытуда әсері бар мемлекеттік органдар, сондай-ақ мемлекеттік корпорациялар мен компаниялардың тиімділігін арттыру. Айта кетейік, конкурс барысында нақты жоба немесе бағдарлама емес, мекемелердегі жобаларды басқару жүйесінің тиімділігі бағаланады.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: