» » АКАДЕМИК АСҚАР ЖҰМАДІЛДАЕВ: ҚЫЗЫЛОРДА СТУДЕНТТЕРІНІҢ МӘСКЕУДЕ БІЛІМ ЖЕТІЛДІРУІ – ҮЛКЕН ЖЕТІСТІК

АКАДЕМИК АСҚАР ЖҰМАДІЛДАЕВ: ҚЫЗЫЛОРДА СТУДЕНТТЕРІНІҢ МӘСКЕУДЕ БІЛІМ ЖЕТІЛДІРУІ – ҮЛКЕН ЖЕТІСТІК

Айдар: Саясат / Сонғы жаңалықтар

"Туған жерге тағзым" форумында академик А.Жұмаділдаев тқмендегіше лебізін білдірді.
"Мен М.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінде 70-ші жылдары оқыдым. Ол кезде бұл университетте оқыған екі-ақ қазақ болатынбыз. Ал бүгінде сырбойылық түлектердің осы оқу ордасында білім алуларына жағдай жасалған. Жыл сайын Мәскеу мемлекеттік университеті Қызылорда облысының студенттері үшін магистратурада білімдерін жетілдіруге 20 грант бөлетін болды. Бұл үлкен жетістік! Төрт жыл бұрын ҰБТ қорытындысы бойынша облыс республикада ең соңғы орында еді. Ал, биыл мектеп бітірген түлектердің 97% орта арнаулы және жоғары оқу орындарына оқуға түскен. Бұл да жүйелі жұмыстың нәтижесі деп санаймын», - деді академик Асқар Жұмаділдаев.
Айта кету керек, кешегі өткен облыстық мәслихаттың сессиясында академик Асқар Жұмаділдаевқа Қызылорда облысының Құрметті азаматы атағын беру туралы шешім қабылданған болатын.