Facebook WhatsApp Instagram

Саясат

0

ТӨРТІНШІ ӨНЕРКӘСІПТІК РЕВОЛЮЦИЯНЫҢ АЙМАҚ ҮШІН ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕРІ


Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында "Орда Гласс ЛТД" ЖШС басқарма басшысы Ержан Сағымбаев мәлімдеді.
– Елбасы жыл сайынғы Жолдауларында ғылым мен инновацияға ерекше көңіл бөледі. Өйткені ғылым жаңалығын өндіріске енгізген жағдайда ғана кез келген мемлекет қарыштап алға қадам басады. Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы аясында Қызылорда қаласында салынып жатқан шыны зауыты толық іске қосылған кезде соңғы технологиялармен жабдықталған әлемдегі үшінші зауыт болмақ. Әзірге мұндай зауыт тек Жапония мен Қытайда бар. Алдағы уақытта жергілікті мамандарды тәжірибе алмасу мақсатында шет елдерде оқытуды жоспарлап отырмыз.
Шыны зауыты жұмысын бастағаннан кейін мұнда «Apple», «LG», «Nokia» сынды ірі компаниялардың өнімдері – планшет, смартфон және өзге де гаджеттерге арналған ультражіңішке шынылар өндіріледі. Жалпы, ақпараттық технология дамыған және адамзаттың күнделікті тұтыну қажеттіліктері артқан заманда жаңа жүйеге өту – уақыт талабы, – деді Ержан Сағымбаев.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: